Бүгін мектебімізде 2025–2026 жаңа оқу жылының басталуына арналған "Мектебім – мейірім мекені" атты салтанатты жиын өтті.
Мектеп директоры жиналғандарға жылы лебізін білдіріп, оқушыларды, ұстаздарды және ата-аналарды Білім күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол табысты да жемісті оқу жылын, жаңа жаңалықтар мен сенімділікке толы жеңістер тіледі.
Сондай-ақ «Мектепке жол» акциясы аясында «Баянтай» ЖШС оқушыларға сыйлықтар табыстады.





