



Бүгін 11.12.2024ж. «Үш тіл – үш әлем» атты тілдер апталығының аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәннің мұғалімі Ашикова Эльмира Серікбайқызы 9 сынып оқушыларына «Журналист – асылды іздеуші» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысы қызықты әрі тартымды болды. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер тақырыппен үйлесім тауып, сабақтың мақсатын ашты. Өз кезегінде оқушыларда белсенділік танытып, алған білімдерін ортаға салды. Сонымен қатар «Репортер» ойыны арқылы өздерін журналист сезініп, өз пікірлерін ашық айтуға белсенділік танытты.





